$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2020, 11:57
Жаңалықтар

Коронавирустың ошағы саналған Уханьда карантин аяқталды

COVID-19 вирусы Уханьдағы жануарлар етін және теңіз өнімдерін сататын базардан шыққан болуы мүмкін деген болжам айтылған

Коронавирустың ошағы саналған Уханьда карантин аяқталды
Фото ашық дереккөзден

Екі жарым айға созылған қатал режимнен кейін халық қала сыртына шығуға асығып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ақылы автожолдарға шығу үшін көлік кептелісі туындаса, жолаушылар пойызға отырып, қала сыртына ағылуда. Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан алып қалада ертеңнен бастап COVID-19 коронавирусын одан әрі таратпас үшін енгізілген шектеулер алынып, 11 аптаға созылған карантин аяқталады.

Ухань қаласының солтүстік бөлігіндегі Фухэ төлеу бекетінде көлік иелері дабыл дыбысын қосып, ұзын-сонар кептеліс туындаған. Мұнда жергілікті тұрғындардан бөлек, карантин кезінде қаладан шыға алмай қалған өзге аймақтың халқы да бар.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Хубэй провинциясының орталығы Ухань қаласында белгісіз коронавирус пайда болып, кейін ғалымдар оған COVID-19 деген атау берді. Бүгінде аталған вирусты жұқтырғандар саны әлемде 1,4 миллионнан асып кетті.

Серіктес жаңалықтары