$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2020, 09:43
Жаңалықтар

Қызылорда мен Атырау облыстарында коронавирус жұқтырғандар науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған

Олардың жағдайы қанағаттанарлық

Қызылорда мен Атырау облыстарында коронавирус жұқтырғандар науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 704 адамға жетті. Соңғы 7 жағдай Қызылорда (3) мен Атырау (4) облыстарында тіркелген.

Мемлекеттік комиссия жанындағы шұғыл штабтың мәліметінше, Атырау облысында вирус жұқтырғандардың үшеуі – облыс орталығының, бірі – Жылыой ауданының тұрғыны. Олардың төртеуі де бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған.

Қызылорда облысында тіркелген 3 науқас та Сырдария ауданында тұрады. Үшеуі де бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.

Қазіргі таңда аталған 7 адам карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған. Тест барлығының COVID-19 вирусын жұқтырғанын растады. Мамандар олармен байланыста болған адамдарды анықтап жатыр.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны – 36 адамға, Қызылорда облысында – 69 адамға жетті. Ең көп науқас Шиеліде тіркелген – 35 адам.

Серіктес жаңалықтары