27.12.2023, 21:44
Жаңалықтар
Үш облыста республикалық жолдардың 4 учаскесінде жол жабылды
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады
Фото ашық дереккөзден
Еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында — 1 учаске
- «Самара-Шымкент» автожолында 844-965 км, «Аманат» кемпингінен — Қарабұтақ ауылына дейін. — 121 км.
Алматы облысында — 1 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 59-143 км, Жаңақұрылыс ауылынан — Жамбыл облысының шекарасына дейін — 84 км.
Жамбыл облысында — 2 учаске
- «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 159-238 км. Кенен ауылынан — Қайнар ауылына дейін — 79 км.
- «Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 143-214 км, Алматы облысының шекарасынан — Қордай ауылына дейін — 71 км.
«Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс). Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 272 техника жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
