«Тыныштықты бұзуды жөн көрдім»: Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі жазба жариялады

Azattyq Rýhy

Экс-министр әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінген болатын

«Тыныштықты бұзуды жөн көрдім»: Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі жазба жариялады
Фото ашық дереккөзден

Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым әлеуметтік желіде Салтанат Нүкенованың өлімі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тыныштықты бұзуды жөн көрдім. Балалар мен маған болған оқиғаны түсіну үшін уақыт қажет болды. Балаларым бәріміз Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен оны жеке танымады, бірақ балалар онымен дос болды. Оны жарқын, мейірімді, өте жанашыр адам ретінде еске алады. Бұл қайғылы жағдайдың ауырлығы – оның өздеріне жақын, тірекші, қамқор, үлгі болуы керек адамның жасауында. Оған қоса, үрейлі, ауыр және ұят. Балаларым басына түскен қиыншылықтарға қарамастан, олар әрқашан жақсылық жағында болатынына сенемін», - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.