22.12.2023, 22:13
Жаңалықтар
Қолайсыз ауа райына байланысты төрт облыста жолдар жабылды
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 167 бірлік техника жұмыс істеп жатыр
Коллаж: Azattyq Ruhy
22 желтоқсан сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Ақмола облысында- 7 учаске
- «Екатеринбург-Алматы» автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан- Қажымұқан аулына дейінгі аралық — 313 км;
- «Қостанай-Әуликөл-Сұрған» автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан-Сұрған ауылына дейін — 28 км;
- «Жезқазған-Петропавл» автожолында 536-552 км, Бұзылық ауылынан- Сұрған ауылына дейінгі аралық — 16 км;
- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолында — 82км;
- «Көкшетау-Атбасар» автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан-Атбасар қаласына дейін — 137 км;
- «Астана-Қорғалжын» автожолында 19-124 км;
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолында 37-51 км, Қабанбай батыр аулынан-Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 км;
Жетісу облысында - 1 учаске
- «Астана-Қабанбай батыр- Нұра-Теміртау» автожолында 51-101 км, Ақмола облысының шекарасынан- Нұра ауылына дейінгі аралық — 50км.
Қостанай облысында- 1 учаске
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 км, Октябрьское аулынан - Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық — 14 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 167 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
27.02.2026, 13:40
Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Индонезияда қалай қолға түскен (ВИДЕО)
27.02.2026, 06:10
Щучинскідегі кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды
27.02.2026, 11:00
Қол-аяғы көгеріп, әбден қиналған: Дубайда жарысқа қатысқан қазақ қызы қандай қиындықтан өткенін көрсетті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)
26.02.2026, 14:20
«26.02.26»: Шымкентте 51 жас отбасы бір күнде неке қидырған