23.12.2023, 09:35
Жаңалықтар
Шетелдік лаңкестерге қосылмақ болған Қазақстан азаматы әуежайда ұсталды – ҰҚК
Бұрын ол ұрлық, зорлық жасағаны және кісі өлтіргені үшін сотталған
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұрын ол ұрлық, зорлық жасағаны және кісі өлтіргені үшін сотталған.
Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
07.02.2026, 14:46
Тайландқа демалуға барған қазақстандық комада жатыр
07.02.2026, 07:00
Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды
07.02.2026, 15:49
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
07.02.2026, 18:05
Қазақстанда 8 ақпанда ауа райы қандай болады
07.02.2026, 20:04
Құлсарыда балта ұстаған оқушы: мектеп директоры қызметінен босатылды