22.12.2023, 09:09
Жаңалықтар
Астана маңына қатынайтын 11 автобус қозғалысын тоқтатты
Басқа бағдарлар қозғалысын жалғастырып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Ауа райының нашарлауына байланысты елорда маңындағы елдімекендерге баратын қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«22 желтоқсан, сағат 05:15-ке өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қаламаңы бағдарлар линияда», - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.
Айта кетейік, синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Астанада қар жауып, тұман түседі.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
