19.12.2023, 22:03
Жаңалықтар
Қолайсыз ауа райына байланысты Шымкентке бағытталған бірқатар рейстер кешігуде
Әуекомпания рейстердің қашан ұшатыны туралы хабарлаған жоқ
фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты әуекомпанияның аталған бағаттағы барлық рейстері кешігуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Хабарландыру әуекомпанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
«Қалың тұман мен жеткілікті көріністің жоқтығынан Шымкенттен/ке орындалатын барлық рейстер кешігуі мүмкін. Ағымдағы болжам бойынша нақты ауа-райы Шымкент әуежайында ұшып қонуға мүмкіндік бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген ұшу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Әуекомпания Шымкент әуежайы аймағындағы ауа-райы болжамын үздіксіз бақылап отыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
