17.12.2023, 19:19
Жаңалықтар
Қарлы боран салдарынан төрт аймақтағы жолдар жабылды
Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылды
Коллаж: Azattyq Ruhy
17 желтоқсан сағат 19.00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 4 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы;
- Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы;
- Жетісу облысында «Үшарал - Достық» автожолы;
- Маңғыстау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» және «Бейнеу-Ақжігіт-гр.Өзбекстан автожолдары үшін көліктің барлық түрлеріне шектеу қолданылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
