UFC президенті Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Бұл туралы ол журналистерге арналған брифинг барысында айтты

UFC басшысы Дана Уайт журналистердің қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегіне қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгін Шавкат Рахмонов тағы да мерзімінен бұрын жеңіске жетті, қазір оның 18 жеңісі бар. Ол атақ үшін күресуге лайықты жұмыс жасады ма? Сіз оның кандидатурасын қарастырасыз ба?», - деді БАҚ өкілі.
«Ия, сіз бәрін дұрыс айтасыз, бұл жігіт жеңіліп көрмеген. Бірақ дәл қазір мен бұдан әрі не болатынын білмеймін. Әлі анық емес. Жағдай алдағы екі аптада шешіледі»,- деді Дана Уайт.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов (18-0) Стивен Томпсонмен болған жекпе-жектің екінші раундында тұншықтыру тәсілімен жеңіске жетті және қарсыласының кәсіби мансабында оны тұншықтырған алғашқы балуан атанды.