$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстан мен Тәжікстан ортақ шекараның 24 шақырымы бойынша келісімге келді

Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 980 шақырымды құрайды

Қырғызстан мен Тәжікстан ортақ шекараның 24 шақырымы бойынша келісімге келді
Фото: gov.kg

Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараның тағы 24 шақырымы туралы келісімге келді. Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Топографиялық және жұмыс топтарының кезекті екіжақты кездесуі Соғды облысының Бустон қаласында өткені атап өтілді.

«Тараптар Қырғызстанда өтетін келесі кездесуде қалған бағыттарды сипаттау бойынша жұмысты жалғастырады. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды», - деп хабарлады Қырғызстан министрлер кабинеті.

Келісімге сәйкес, Қырғызстан Тәжікстан аумағында пайдаланып жатқан нысандарға қол жеткізе алады, бірақ ол жерлер сол елдің иелігінде қалады. Ал Тәжікстан Қырғызстан аумағында пайдаланып жатқан нысандарға қол жеткізеді, бірақ ол жерлер қырғыз иелігінде қалады.

Қазіргі уақытта Қырғызстан Тәжікстаннан басқа барлық көршілес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау процесін аяқтады.

Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы шамамен 980 шақырымды құрайды.

Оны делимитациялау бойынша келіссөздер 2002 жылдың желтоқсанынан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта аталған мемлекеттер шекара сызығының үштен екісінен астамын анықтап, өзара мойындасты.

Серіктес жаңалықтары