$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шекараны заңсыз кесіп өткен»: Жамбыл облысында 30 шетел азаматы елден шығарылды

Заңсыз көші-қонның алдын алу шаралары жүріп жатыр

«Шекараны заңсыз кесіп өткен»: Жамбыл облысында 30 шетел азаматы елден шығарылды
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінен

Жамбыл облысында шекараны заңсыз, қасақана кесіп өткен 30 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Елге заңсыз кіріп алған шетелдіктердің көбі Ауғанстаннан келгендер. Олардың ішінде 16 Ауғанстан азаматы, 5 Непал азаматы, 4 Пәкістан азаматы, 3 Үндістан  және 2 Шри-Ланка азаматы бар.

«Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін шалғай шет елдерден келген 30 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге  шығарылды. Полиция қызметкерлері заңсыз еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жалғастыруда», - делінген ПД хабарламасында.

Елімізде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 8 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты іс материалдары аудандық сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары