04.12.2023, 13:52
Жаңалықтар
Танзанияда су тасқыны болып, 47 адам қаза тапты
Қазір жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Танзанияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінен кемінде 47 адам қаза тауып, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Agence France-Presse жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.
«Қаза болғандар саны – 47 адам, жарақат алған – 85 адам», - деді Маньяра аймақтық комиссары Квин Сендиг.
Бұған дейін табиғи апаттан 20 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алғаны хабарланған. Қазір жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, сенбі күні Танзанияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан лай көшкіні болып, топырақ жылжыған, аймақтағы үйлер мен инфрақұрылым қираған.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды