Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірінде 33 градус аяз болуы мүмкін
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Алдағы күндері еліміздің солтүстік облыстарында ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, апта басында республиканың батыс және солтүстік бөліктері циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, онда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады.
6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«7 желтоқсанда солтүстік-батыс суық антициклонның басып кіруіне байланысты республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа рай болады және ауа температурасының күрт төмендейді: түнде республиканың батысында, орталығында және шығысында 10-18 градус аязға дейін. , республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 аяз, оңтүстігінде 5-13 градус аяз болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.