Қосылған құн салығы үшін өтемақы енгізу туралы ақпарат жалған - Еңбекмин

Azattyq Rýhy

Министрлік әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлады

Қосылған құн салығы үшін өтемақы енгізу туралы ақпарат жалған - Еңбекмин
Фото: gov.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қосылған құн салығы (ҚҚС) үшін өтемақы енгізгені туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.

«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады», - делінген хабарламада.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.