Еліміздің солтүстік облыстарында қайта қар жауады деп күтілуде

Елордада дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің солтүстік облыстарында қайта қар жауады деп күтілуде

7 сәуір күні түнде астанада оңтүстіктен соққан дауылды желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ал, күндіз тағы күшейіп, секундына 28 метр жылдамдықпен соғады деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі. Дәл осындай ескерту 8 сәуірге де жарияланған.

Синоптиктер 7 сәуір күні Қарағанды облысында да күшті жел тұрады. Күндіз оның жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетсе, кей жерлерде 30 метрге дейін жылдамдықпен соғуы ықтимал.

«Қостанай облысында солтүстік-батыстан соққан жел екі күн бойы жергілікті тұрғындарды әбігерге салуы мүмкін. 7 сәуірде дауылды желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетсе, 8 сәуірде 15-20 метр жылдамдықпен соғады», - делінген аталған хабарламада.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында да дәл осындай дауылды жел тұрады. 8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жауын-шашын болуы ықтимал. Түнде ауа температурасы 0-8 градусқа дейін төмендейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.