$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2020, 13:01
Жаңалықтар

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды

Екі жолаушы ұшақтан дене қызуымен түскен

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды
Фото: ашық дереккөзден

Жұма күні сағат 22.30-да Әулие -Ата халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонды. Оның бортында 106 адам, оның ішінде 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.       

Әкімдіктің мәліметінше, барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты.

«Тікелей ұшу жолағынан келгендердің барлығы автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты ҚР екі азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан талдаулар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынады»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өткен. Ал, Қырғызстан Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары