Орталық Еуропаны қалың қар басты

Azattyq Rýhy

Австрия мен Швейцарияның таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары

Орталық Еуропаны қалың қар басты

Германияның оңтүстігінде қардың көп түсуіне байланысты кейбір теміржол және әуе қатынасы ішінара тоқтатылды. Жүргізушілерге автомобиль жолдарында абай болуға кеңес беріледі. Ауа-райынан Чехия, Австрия және Швейцария да қатты зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Орталық Еуропаның бірнеше елдерінде қалың қардың түсуі қоғамдық көліктің тоқтауына, рейстердің кешігуіне, автомобиль жолдарының кептелісіне әкелді.

Германияның оңтүстік бөлігі қарға толды. Мюнхен әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты.

Неміс теміржолдарының ресми сайтында елдің оңтүстігінде пойыз қозғалысының үзілгені туралы хабарландыру бар. Австрия мен Швейцариямен теміржол байланысы ішінара тоқтатылды.

Жауын-шашынның көп болуы бүкіл Чехиядағы автомобиль және теміржол қозғалысын қиындатты. Кейбір аудандарда электрмен жабдықтау тоқтатылды. Ресми мәліметтерге сәйкес, 6000-ға жуық үй электр қуатынсыз қалды.

Синоптиктер әлі де қалың қар жауады деп болжайды.

Австрия мен Швейцарияның таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.