$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы демалыс күндері елімізде қар жауып, аяз болуы мүмкін

Республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен бұрқасын болады

Алдағы демалыс күндері елімізде қар жауып, аяз болуы мүмкін
Фото: marimedia.ru

Синоптиктер 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері белсенді атлантикалық циклон жырасына және байланысты атмосфералық фронтальды ағыстардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

«3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен бұрқасын болады», - дейді сионоптиктер.

Республика бойынша тұман түсіп, жел 15-29 м/с жетеді, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде жел екпіні кей уақытта 30 м/с және одан қатты болуы мүмкін.

4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массалары енеді, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

«Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін шамалы төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары