Оралда құны 1 млрд теңгеге жуық темекі өнімдері жойылды

Azattyq Rýhy

Сатылымнан түскен 84 млн теңге мемлекет кірісіне аударылды

Оралда құны 1 млрд теңгеге жуық темекі өнімдері жойылды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп Орал қаласында сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 млн теңгеден асатын 1,6 млн қорап темекі партиясын жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство хабарлауынша, бұған дейін департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобы анықталған болатын.

«Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды», - деді агенттік өкілдері.

Сондай-ақ басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған болатын.

«Осы сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.