Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады – Тоқаев Алматыдағы өрт туралы

Президент жатақханада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады – Тоқаев Алматыдағы өрт туралы
Фото: Ақорда

Президент Алматыда жатақханада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылатынын айтты.

Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен 4 адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.  Алматыда  хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды. Қаза тапқандардың төртеуі шетелдік азаматтар болып шықты.

Сондай-ақ аталған оқиғаға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Ал Бас прокуратура өкілі ішкі істер органдары осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртке оранған хостелдің рұқсат құжаты болмаған

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.