Алматыда хостелден шыққан өрт кезінде 4 адам ауруханаға жеткізілді

Тағы 3 науқас барлық тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді

 

Алматыда хостелден шыққан өрт кезінде 4 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: nur.kz

Алматыда 13 адамның өмірін жалмаған өрт кезінде зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

«30 қарашада сағат 10.20-дағы жағдай бойынша Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен 4 адам Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Науқастың бірі – 1996 жылғы әйел көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты», - делінген басқарма хабарламасында.

Тағы 3 науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш науқастың бірі 1999 жылғы студент Үндістан азаматы қолындағы жараларын алғашқы өңдеуден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

«Барлық зардап шеккен адамға толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі. Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды. Ресми ақпарат көздеріне жүгінуіңізді сұраймыз», -деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.