Алматыда өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні толық анықталды

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды

Алматыда өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні толық анықталды
Фото: nur.kz

Алматыда  хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды. Қаза тапқандардың төртеуі шетелдік азаматтар болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталып, сот медициналық сараптама тағайындалған.

«Қайтыс болған 13 адамның төртеуі – шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы – Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Қазіргі  жағдай бойынша Алматы әкімдігі эвакуацияланған 56   тұрғынының 49-ын үш локацияға орналастырды. Қалған 7 адам орналастырудан бас тартты.

«Барлығы тегін тұрады әрі тамақпен қамтамасыз етілген. Жергілікті жерде медицина қызметкерлері жұмыс істейді, психологтар, аудан әкімдігінің өкілдері және бала құқықтары жөніндегі уәкіл қолдау көрсетеді»,  - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хостелдегі өртке байланысты ТЖ департаментінде жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84.

Тақырыпқа орай: Кепілге алынған мүлік: Алматыда өрт шыққан хостелге қатысты жаңа дерек айтылды

Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабаршаған болатынбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.  Сондай-ақ аталған оқиғаға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.