29.11.2023, 23:31
Жаңалықтар
ШҚО-да жеңіл көлікпен жылқы тасымалдаған тұрғын анықталды
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Фото: gov.kz
ШҚО тұрғыны жеңіл автокөлікпен жылқы тасымалдаған. Тәртіп бұзушы «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері патрульдеу барысында тексеру үшін 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта ер адамның тиісті құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау ережелерін бұза отырып, тірі жылқыны алып бара жатқанын анықтаған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шешім қабылдау үшін жиналған материал Тарбағатай аудандық ветеринарлық-аумақтық инспекциясына жолданды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті