Елімізде екпе салуға наразыларға қарсы петиция жарияланды
Қазіргі уақытта петицияға 166 адам қол қойған
Otinish.kz сайтында балаларына екпе салдыртудан бас тартқан ата-аналарға жауапкершілік енгізуді талап еткен петиция жарияланып, қол жинау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Петиция авторлары балаларға екпе салдыртудан бас тартуға байланысты қауіптің артып келе жатқанына алаңдаулы екендіктерін, коронавирус пандемиясынан кейін Қазақстан жаңа проблемамен бетпе-бет келіп, кейбір ата-аналардың балаларына екпе салдыртқысы келмеуіне байланысты инфекциялар түрі, соның ішінде қызылша жұқтыру дерегі көбейіп жатқанын айтып, дабыл қағады.
«Ешқандай себепсіз вакциналаудан бас тарту жеке отбасылардың денсаулығына ғана емес, жалпы қоғамға қауіп төндіреді. Вакциналаудан бас тартуға шақыратын екпеге қарсылар мен инфлюенсерлер насихаттың дұрыс қабылданбайтын жағдайын тудырады әрлоооі олар өздерінің кеңестеріне құлақ асатындарға ғана емес, сонымен қатар жалпы айналасындағыларға да қауіп төндіреді», - делінген петицияда.
Петиция авторлары мынандай шараларды ұсынады:
- Білім беру мекемелеріне болу кезінде вакциналауды міндеттеу: АҚЕС шешіміне сәйкес жетекші ауруларға қарсы екпе алғаны туралы анықтамасы жоқ балалар балабақшалар мен мектептерге жіберілмеуі тиіс;
- Ата-аналардың жауапкершілігі: балаларына себепсіз екпе салдыртудан бас тартқан ата-аналар балаларының және айналасындағылардың денсаулығына тигізуі ықтимал салдар үшін жауапты болуы керек;
- Вакциналауға қарсы насихатқа қарсы іс-қимыл: ғылыми негіздемесіз вакциналаудан бас тартуға шақыратын инфлюенсерлер мен медианың қызметін реттейтін заңдар қабылдау.
Қазіргі уақытта петицияға 166 адам қол қойған.