$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр қызылшадан 136 мың бала көз жұмды – ДДСҰ

Сондай-ақ 9 млн бала індет жұқтырған

Былтыр қызылшадан 136 мың бала көз жұмды – ДДСҰ
Фото ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, былтыр әлемде қызылшадан болған өлім-жітім саны 43 пайызға күрт өскен. Сондай-ақ өткен жылы 37 елде тіркелсе, 2021 жылы 22 елде тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еuronews жазуынша, 2022 жылы қызылша жұқтырған балалардың жалпы саны 9 миллионға жетті, оның 136 мыңы өліммен аяқталды. Әсіресе кедей елдерде ауру мен өлімнің жоғары деңгейі байқалады.

«Қызылша ауруы COVID-19 пандемиясы кезінде иммундау деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеген кезде күрт көбейді. Өлім-жітімнің басым бөлігі аурудың асқынуынан, соның ішінде энцефалиттен, дененің қатты құрғап кетуінен, тыныс алудың ауыр проблемаларынан және пневмониядан болады. Асқынулар көбінесе жас балалар мен 30 жастан асқан ересектерде кездеседі», - дейді мамандар.

Тақырыпқа орай: «Бала мүгедек болып қалуы мүмкін»: қызылша ауруы асқынса салдары қандай?

Сарапшылар инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау және ауыр асқыну қаупін азайту үшін, әсіресе, халықтың ең осал топтары арасында вакцинация көрсеткіштерін арттыру қажеттігін атап өтеді.