$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Келесі жылы «Каспий» су тұщыту зауытының жаңғыртылуы аяқталады

Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, Маңғыстауда су тапшылығы жоқ

Келесі жылы «Каспий» су тұщыту зауытының жаңғыртылуы аяқталады
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Маңғыстау облысында су тапшылығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Каспий» су тұщыту зауытының жаңғыртылуы  келесі жылға қалуы мүмкін. Себебі қазір әлемде болып жатқан геосаяси ахуал бізге де әсер етті. Оның мердігері араб компаниясы кейбір құрылғыларды Еуропа мен басқа жақтан алынады. Соның кері әсері бізге тиіп отыр. Биыл тапсырылатын 20 мыңның 5 мыңы қазір қосылды. Қазір бізде суға тапшылық жоқ. Жаз болғанға дейін оны бітіру жоспарланып отыр. Келесі жылы 1 желтоқсанда іске қосылуы керек», - деді Ноғаев.

Облыс әкімі брифингте көліктік-логистикалқ мүмкіндік туралы да айтты. 

«Облыс өзінің көліктік-логистикалық мүмкіншілігін толық пайдалану бағытында орталық мемлекеттік органдармен бірге қызмет атқарып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау және Құрық порттарын кеңейту және контейнерлік және басқа жүктерді жөнелту мәселелеріне ден қойып отыр. Кеше Ақтау портынан Бакуге мұнай таситын екі танкерді іске қостық. Бұл тиелетін жүктің артуына мүмкіншілік туғызады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары