Динара Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Динара Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Динара Щеглова ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген Үкімет басшысының бұйрығында.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2007 жылы - Қазақ экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2011 жылы - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап "Зерде "ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істей бастады, кейін ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы Басқарушы директор лауазымына тағайындалды, содан кейін "Зерде "ҰАХ"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2020 жылғы 5 ақпанынан бері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымын атқарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.