$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында салық органдары 65 кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген

Прокуратура актісі бойынша бұл шешімдердің күші жойылды

Ақмола облысында салық органдары 65 кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының прокуратурасы мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысын тексеру барысында салық органдары кәсіпкерлердің банктік шоттарына заңсыз шектеу қойғандығын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңір прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкерлерге қатысты салық органының камералдық бақылауы кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген және оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 71 млн теңге болатын хабарламалар заңсыз жіберілген.

Салық органы салық кодексінің 96-бабының ережелеріне қарамастан (2022 жылы жағдай бойынша қолданыста болған) кәсіпкерлерге тәуекелдің орташа дәрежесіндегі заң бұзушылықтар бойынша хабархатының орнына хабарламалар жіберген, сондай-ақ камералдық бақылау бекітілген рәсімдерсіз жүргізілді (№453 бұйрықтың талаптары).

Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге қосымша декларация тапсыруға міндеттеді, олардың құқықтары шектелді және жұмыстарына кедергі әкелді.

«2022-2023 жылдары банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 65 заңсыз шешім шығарылған. Прокуратура актісі бойынша бұл шешімдердің күші жойылды, 65 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары