$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сауранбаев теміжолшылардың жалақысы жоғары екенін айтты

Ол бұл жақсы көрсеткіш екенін жеткізді

Сауранбаев теміжолшылардың жалақысы жоғары екенін айтты
© Владислав Воднев

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшылардың жалақысы жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.

Үкіметтегі брифингте Нұрлан Сауранбаевқа «Сіз компания көрсеткіштерінің 6-7%-ға өскенін айттыңыз. Бірақ сіздер теміржолшылардың айлығы мәселесін қалай шешіп жатырсыздар? Былтыр Қазақстанның бірнеше өңірінде теміржолшылар митингке шығып, 100% тарифті өсіруді талап етіп, өз наразылығын білдірді. Сіздер олармен консенсусқа келдіңіздер ме? Теміржолшылардың айлығын көтере алдыңыздар ма? Былтырдан бері қанша пайызға көтердіңіздер?» деген сұрақ қойды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшылардың жалақысы аз емес екенін айтты.

«Компанияда 100 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Олардың (жалақысын) 1000 теңгеге көтерсең, әжептәуір ақша шығады. Әр сыйақы да ауқымды ақша. Соңғы уақытта жалақыны көтеруге 241 млрд теңге жұмсадық. Осы 3 жылдың ішінде теміржолшылардың орташа жалақысы екі есеге көтерілді. Қазіргі олардың жалақысы – шамамен 430 мың теңге. Енді төменгі айлық – шамамен 160 мың теңге», - деді Сауранбаев.

Ол сондай-ақ тілшілердің «Жұртшылық теміржолға жұмысқа кіру үшін ақша төлейді деген қауесет қаншалықты рас?» деген сауалына жауап берді.

«Мұндай қауесеттің шығуына, біріншіден, біздің (ҚТЖ) айлығымыздың жоғары екені, екіншіден, «ҚТЖ» АҚ жұмыс берушілердің үздік үштігінде тұрғаны себеп болса керек. Соңғы 3 жылда теміржолшылардың жалақысын көтеруге 241 млрд теңге бөлінді»,- деді Сауранбаев.

Серіктес жаңалықтары