21.11.2023, 14:38
Жаңалықтар
48 млрд теңгенің фельдшерлік рюкзагы: ДСМ ақпаратқа пікір білдірді
Желіде тараған ақпарат қаншалықты рас
Фото ашық дереккөзден
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлік рюкзактар сатып алу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда фельдшерлік рюкзактар сатып алуға бюджеттен 48 млрд теңге жұмсау жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оны теріске шығарды.
«Денсаулық сақтау министрлігі осы мобильдік диагностикалық жабдықты сатып алуға қатысты бүгінде бюджет қаражатының есебінен сатып алу қарастырылмайтынын хабарлайды. Сондықтан оны Денсаулық сақтау министрлігі сатып алғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көп оқылған
23.05.2026, 06:23
Пойыздағы апат: үстіне лас шу шашыраған жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
23.05.2026, 08:19
Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды
23.05.2026, 07:33
Найзағай мен үсік: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
23.05.2026, 10:01
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
23.05.2026, 10:38
Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты
23.05.2026, 11:03
Қарағандыда тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ мүшелері сотталды