Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісі: ҰҚК пікір білдірді
Көрші елдің Шекара қызметімен өзара әрекеттестік ұйымдастырылды
Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған жайтқа қатысты Шекара қызметі пікір білдірді.
«Жеміс-көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуіне байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп болып отыр. «Қарасу» өткізу пунктінің келіп жатқан көліктерді өткізу мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралын құрайды (19 қарашада 283 автомашина өткізілген)» - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды.
Айта кетсек, Қырғызстан тарапы 20 қарашада сағат 11:00-дегі жағдай бойынша «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу бекетінің алдында шекаралық бақылаудан өту үшін 500 жүк көлігі кезекте тұрғанын мәдімдеген болатын. Елдің Мемлекеттік ұлтты қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мал мен тез бұзылатын өнімдер тиеген көліктер бақылау бекетінен кезексіз өтіп жатқанын айтты.