Газадағы Аш-Шифа ауруханасынан шала туған 31 нәресте эвакуацияланды
Газа секторында қаза тапқандар саны 13 мыңға жетті
Жексенбі күні Газа қаласындағы Аш-Шифа ауруханасынан шала туған 31 нәресте эвакуацияланды. Бұл туралы Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамының (PRCS) мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәлімдемеде PRCS топтары сәбилерді Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы ауруханаға жеткізгені айтылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлімдемесінде тағы бірнеше сәбидің қайғылы өлімінен және Аш-Шифа ауруханасындағы барлық медициналық қызметтің толық тоқтатылуынан кейін жағдайы күрт нашарлап кеткен нәрестелер де ажам құшқан.
Газа секторы. Израильдің әуе шабуылынан кейін жараланған сәбиге ем көрсетіліп жатыр /Фото: Ризек Абделжавад/Синьхуа/
Айта кетейік, Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторында қаза тапқандар саны 13 мыңға жетті.
Бұл туралы Палестина үкіметінің Газадағы БАҚ кеңсесі хабарлады.
«7 қазаннан бері эксклавтағы израильдік шабуылдардың құрбандары арасында 5500 бала мен 3500 әйел бар.
Сондай-ақ Израильдің атқылауынан 201 медицина қызметкері, 22 азаматтық қорғаныс қызметкері және 60 журналист қаза тапты», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар із-түзсіз жоғалғандар тізімінде 6 мың адам бар.