Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің батысында және солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр (жаңбыр, қар) жаууы, көктайғақ болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +16...+18°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +22...+24°C болады.