$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Талдықорғанға барды

Жетісу облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды
Фото: Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі

Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

Кездесуде ІІМ басшысы Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты.

«Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды.

Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді», - делінген хабарламада.

Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.

«Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Серіктес жаңалықтары