$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды

Оған қылмысты жасырды деген айып тағылды

Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды
Фото ©️ Tengrinews.kz

Астана қаласының Полиция департаменті «Гастро-орталық» директорының екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», - делінген ПД хабарламасында. 

Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.

«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын. Бұған дейін ол аса ірі көлемде пара алу және ақша жымқыру әрекетін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жазасын өтеген.

Серіктес жаңалықтары