ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты

Қауіпті инфекциядан 52 мыңнан астам адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөзден

Қытайда пайда болған COVID-19 вирусы небәрі төрт айдың ішінде бүкіл әлемге тарады. Қазіргі таңда аталған инфекцияны жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Джон Хопкинс университетінің онлайн картасында көрсетілген деректерге сенсек, бүгінгі таңда әлем бойынша коронавирустан қаза тапқандар саны 52 мыңнан асып, 210 мыңнан астам адам айығып шыққан. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр, мұнда вирус жұқтырғандар саны 235 мыңнан асқан. 5600-ден астам адам қаза тапқан. Екінші орында Италия (115 мың науқас / 14 мың адам қаза тапқан), одан кейінгі орында Испания (110 238/10 096), Германия (84 284/1 089), Қытай (81 589/3 318) тұр. Одан кейін Франция,  Иран, Ұлыбритания, Швейцария мен Түркия тұр.

Сұхбат