$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2020, 00:53
Жаңалықтар

Алматы көшелерін дезинфекциялауға әскери техникалар шықты

Ал арнайы бөлімнің әскерилері 465 нысанға дезинфекция жасаған

Алматы көшелерін дезинфекциялауға әскери техникалар шықты

Қала көшелерін зарарсыздандыруға  ауыр техникалардан бөлек карулы күштер қызметінің 2 мыңнан астам әскерилері де тартылған. Олар  көшелерге, ғимараттар мен қоғамдық орындарға жаппай дезинфекция жұмыстарын жүргізбек.

Жеке зарарсыздандыру жиынтықтарымен бүрку сынды дәстүрлі зарарсыздандыру әдісінен бөлек бұл жолы әскери қызметшілер АРС-14  автоқұйылмалы станциялары арқылы көшені көбікпен бүркиді. Қала  көшелерінің 30% арнайы жуу-зарарсыздандыру ерітінділерімен көпіршіте жуылуы тиіс. 

«Химиялық белсенділігіне қарамастан бұл ерітінді адамдар мен қоршаған ортаға зиянсыз, аллергия шақырмайды. Осы күнге дейін біздің арнайы бөлімше 1500 астам нысанды  зарарсыздандырып, бұл жұмысқа 500 адам тартылды», - деді  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының орынбасары подполковник Дархан Үмбетов.

Арнайы бөлімнің әскерилері 5 млн 138 002 м2 құрайтын 465 нысанға дезинфекция жасаған. Жеке құрамның  12 әскери техникасы карантин аяқталғанша қалада инфекциядан қорғау жұмыстарын жүргізе бермек.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары