Астанада қаржы пирамидасына 170 млн теңге құйған тұрғындар алданып қалды

Azattyq Rýhy

Бөлімше басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды

Астанада қаржы пирамидасына 170 млн теңге құйған тұрғындар алданып қалды
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қаржы мониторингі агентігінің елордалық департаментінің қызметкерлері Астанадағы «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен. Салымшыларға ақшаны көптеген жоба бойынша табыстылығы жоғары қызметке инвестициялауды ұсынып келген», - дейді агенттік өкілдері.

Тергеу барысында құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

«101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңгені құрады», - деп атап өтті ҚМА өкілдері.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.