Киік еті қайда сатылады – министр жауап берді
Киік еті тек Қазақстанда сатылады

Бүгінде киік етін сыртқа экспорттауға дайын емеспіз. Сондықтан бұл өнім тек Қазақстанда сатылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Экспортқа біз дайын емеспіз. (Киіктің етін) экспортқа шығару үшін ет комбинаты экспорттаушылар реестрінде болуға тиіс. Инспекция осында келіп, олар (киіктің етін алатын-алмайтынын) айтуы керек. Әзірше, тек (киіктің еті) Қазақстанда сатылады», - деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.
Сондай-ақ, министр атылған киіктердің мүйізі мен тұяғы қай органға берілетінін түсіндірді.
«Тұяқ пен мүйізге тоқталайын. Барлық мүйізді «Охотозомпром» мемлекеттік кәсіпорны алады. Мұнда сұрақты сіздер Экология министрлігіне қойыңыздар», - деді ведомство басшысы.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ