06.11.2023, 15:27
Жаңалықтар
Ақорда Путиннің Қазақстанға қашан келетінін нақтылады
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізеді
Фото: Reuters
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Еске салайық, бұған дейін Владимир Путиннің Қазақстанға келетіні туралы БАҚ беттерінде ақпарат жарияланғанын жазған болатынбыз.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
