06.11.2023, 13:49
Жаңалықтар
Қазақстан аумағында бидай импортына шектеу қойылды
Атап айтқанда, алты ай мерзімге бидай импортына тыйым салынды
Фото: freepik.com
«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» бұйрық өз күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Құжатта көрсетілгендей:
- Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;
- 2023 жылғы 25 қыркүйекте лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды.
Бұл ретте, бидайды әкелуге енгізілген тыйым екі жақты түсіндіруді қажет қылмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30.10.23 жылғы № 372 бұйрығымен Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға тыйым салмау бөлігінде АШМ-нің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды