$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2020, 16:43
Жаңалықтар

«Сарымсақ жеп жүрмін»: Алматы әкімінің орынбасары коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты

Ерлан Қожағапанов брифингке медициналық маскасыз келді

«Сарымсақ жеп жүрмін»: Алматы әкімінің орынбасары коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты
Kapital.kz

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қауіпті індеттен қалай қорғанып жүргенін айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Онлайн-брифинг өткізіп жатқан Қожағапанов тікелей эфирге маскасыз келген. Әкімнің қорғаныш құралын қолданбай келуінің себебін сұраған модераторға «ауырмасаң, масканы тақпауға да болады» деп жауап берді.

«Коронавирустен сарымсақ және лимон арқылы қорғанып жүрмін. Жұбайым маған ащы сарымсақ, лимон қосылған тағамдарды дайындап береді. Әрине, алдымен адамның иммунитеті мықты болуы керек. Үйде жатқан тұрғындарға жақсы ұйықтап, дұрыс тамақтанып, демалуға кеңес берер едім», - деді әкімнің орынбасары.   

Ерлан Қожағапанов брифингті өткізудің әдісін де өзгертті. Ол тікелей эфирде баяндама жасамай, журналистер мен қала тұрғындарының сұрағына қос тілде жауап берді. Оның сөзінше, Алматыда жеке көлігімен жүруге мүлдем тыйым салынған. Қалада тек 2 мың таксидің ғана жүруіне рұқсат берілген.

«Алматыда такси қызметімен айналысатын басқа аймақтың тұрғындары көп. Одан бөлек, ресми түрде тікрелген 200-ден астам такси бар. Ал «Яндекс», «Uber» және «inDriver» такси қызметтерінің жүйесімен 80 мыңнан астам адам жұмыс істейтін. Біз соңғы кезде рейтингі жоғары тасымалдаушыларды анықтап, Алматыда тек 2 мың такси жүргізушісін ғана қалдырдық. Кеше қалада такси қызметіне 900 тапсырыс қана түскен. Яғни, карантин кезінде 2 мың такси жеткілікті», - деді Ерлан Қожағапанов.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары