$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2020, 16:11
Жаңалықтар

АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 365 млн теңге бөлді

Бұл қаражат өзге де жұқпалы аурулардың алдын алуға жұмсалады

АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 365 млн теңге бөлді

АҚШ үкіметі USAID Халықаралық даму агенттігі арқылы Қазақстанның коронавируспен күресін қолдауға 365 миллион теңге бөлді. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ресми сайтында хабарланған.

800 мың доллардан астам қаражат COVID-19 пандемиясынан бөлек, туберкулез, АИТВ секілді жұкпалы аурулардың алдын алу және бақылау мүмкіндігін нығайтуға да жұмсалады.

«АҚШ коронавирустық дағдарыс кезінде Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықты жалғастырып жатыр. Біз Қазақстанның COVID-19 вирусының таралуын тоқтату мақсатындағы тез және батыл әрекетін жоғары бағалаймыз», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

Ел билігі бұл көмек қаражатын тестілеу жүргізу үшін зертханалық жүйелерді дайындау, денсаулық сақтау мекемелеріндегі инфекциялардың алдын алу және бақылау, COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастардың ем алуын жақсартуға жұмсауы тиіс. 

Айта кетейік, соңғы 10 жылда АҚШ денсаулық сақтау мақсатында әлем елдері мен халықаралық ұйымдарға 100 миллиард доллардан астам қаражат бөлген, ал гуманитарлық көмекке 70 миллион долларға жуық қаржылай қолдау көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары