ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

22 мың адам тұратын «Асыл Арман» тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылды

Мұнда екінші адамнан коронавирус анықталған

Time.kz

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Асыл Арман» тұрғын үй кешені бүгін карантинге жабылып, 22 мың адамның үйден шығуына тыйым салынды.

Шағынауданда 9 қабатты 21 үй бар. 5 мыңнан астам пәтер орналасқан 75 кіреберіске күзет қойылған. Мұндағы тұрғындардың 95%-ы Алматы қаласына барып жұмыс істейді. 

«Тұрғын үй кешенінде дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, онда медициналық қызметкерлер осы шағынауданның тұрғындары үшін арнайы жұмыс істейді. Арзан бағамен азық-түлік сатылымы ұйымдастырылып, қажетті заттармен қамтамасыз етеміз. Дезинфекция жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Тұрғындарға ақпараттық-насихат жұмыстары басталды. Аумақты түгелдей полиция қызметкерлері қоршап тұр. Олармен бірге әскерилерде кезекшілік қызметіне көмектеседі», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде коронавирус инцекциясын жұқтырған адам анықталып, наурызда көпқабатты бір тұрғын үй карантинге жабылды. Кейінірек бұл аумақтан екінші рет қауіпті вирус табылғаны белгілі болды. Дертке 61 жастағы тұрғын шалдыққан.