$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2020, 21:45
Жаңалықтар

ТЖ кезінде табысынан айрылған 64 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Төлемдерді тағайындау проактивті форматта жүзеге асырылды

ТЖ кезінде табысынан айрылған 64 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3438 адам төлемдерін алды.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуші ​​болып табылатын 60 821 адамға тағайындады және аударды. Төлемдерді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз жүзеге асырылды. Төлемдерді соңғы 12 айда кемінде 1 рет БЖТ төлеген адамдар алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары