28.10.2023, 12:47
Жаңалықтар
Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқандар саны артып жатыр
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда
Фото ашық дереккөзден
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді. Шахта астында 23 шахтер қалады. 21 шахтердің денесі табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
