Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Метеорологтар атап өткендей, 15 қазаннан бастап, әдетте, метеорологиялық тұрғыда терең күз деп аталатын субмаусым басталады, ол 28 қазанға дейін созылады.
«Демалыс күндеріне қарай Қазақстанда айтарлықтай күн суытады. Республика бойынша синоптикалық жағдайды Солтүстік Атлантика циклоны мен Скандинавия антициклоны қалыптастырады, бұл әртүрлі фазада жауын-шашын туындатып, күндізгі жылынуды шектейді. Тек елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарды жаңбыр соңы қарға ұласады», - делінген хабарламада.
Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде аяз болып, түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа +2+12 градусқа дейін жылыса, дүйсенбіде 3 градус аяздан 5 градусқа дейін жылыналы.
Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.