19.10.2023, 11:16
Жаңалықтар
Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады
Министрлік бұйрығы қоғам талқылауына ұсынылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Қазақстанда тағы екі кәсіби мереке пайда болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Еңбек министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер әзірледі. Бұйрық мәтіні «Ашық НҚА» порталында жариялады.
Онда министрліктің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтыру енгізілетіні айтылады.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда 1 ақпанда – Азаматтық авиация қызметкерлері күні, ал қарашаның үшінші сенбісінде Бұрғышылар күні атап өтіледі.
Осылайша, кәсіби мерекелердің тізбесі екі жаңа мерекемен толықтырылды.
Жоба 2023 жылдың 2 қарашасына дейін Ашық заңды тұлғалар порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)