$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік сатып алу: Павлодар облысында 6 млрд теңгенің шарты жойылды

Сот шешімімен 11 шарт жарамсыз деп танылды

Мемлекеттік сатып алу: Павлодар облысында 6 млрд теңгенің шарты жойылды
Фото: gov.kz

Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау фактілері анықталды, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

«Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.​ Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары